» » Ата - аналарға

 
 
 

Ата - аналарға

Автор: admin от 10-05-2016, 03:04, посмотрело: 801

0
                        Ә. Жангелдин атындағы №27 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
 

 

 

Ата-аналардың міндеттері мен құқықтары

 

Ата-ананың міндеті:


1.
Балаңыздың сынып жетекшісімен тығыз байланыста болуы;
2.
Сабақтан келген балаңың күнделікті күнделігін тексеріп, көмек көрсету;
3.
Мектепішілік ата-аналар жиналысына қатысу;
4.
Сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымымен байланыста болу;
5.
Балаңыздың мектептегі жағдайын жасау барысында өзеркінізбең оқу-тәрбие іс-шараларына қаржылық көмек көрсету;
6.
Мектептегі ашық есік күні балаңыздың сабағына қатысу;
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс неғұрлым тиімді болуы үшін олармен байланыстың әрқилы түрлерін қолдану қажет. Кейбір сынып жетекшілері тоқсанның аяғында үлгерім қорытындылары туралы ата-аналар жиналыстарын өткізуімен және оқуға үлгермеуші немесе тәртіпсіз балалардың ата-аналарын барлық уақытта бірдей келісіп әрекет жасамауы мүмкін. Бұдан басқа сыныпта, мектепте болатын кез-келген жұмыстарға мектепішілік іс-шараларға, сынып жетекшілердің ең бірінші қолдап, демеу көрсететін-сынып оқушыларының ата-аналары. Осыған байланысты сынып жетекші ең бірінші сынып ата-аналар төрайымымен және сынып ата-аналарымен тығыз байланыста болуы керек. Кез келген мәселенің жауабы ата-аналармен шешімін табуға тиісті. Осы жоспарды барлық сынып жетекшілері бұл мәселені бірлесіп дұрыс жолға қоя білсе, көптеген жұмыстарымыздан жеңілдіктер байқалар еді. Осыған байланысты көптеген ата-аналар сынып жетекшінің ай сайын өткізетін ата-аналар жиналысына келмей де жатады, оқушыныңыздың ата-анасымен қалай байланыс жасау керектігі жайлы шешілетін көптеген жолдары бар.

 

 

 

                Ата-анамен оқушы арасындағы қарым-қатынас

 

 

 


Жас жеткіншектерді тәрбиелеу ісінде мектеп пенотбасы арасындағы байланысқа үнемі көңіл бөлінуі тиіс.
Әрбір жиналысты өткізер алдында әрбір баланың ата- анасымен кездескен дұрыс. Ата- аналармен жұмыс жүргізудің негізіалдын алажоспарлау, алға мақсат қою, оны қалайда орындау.
1.
Оқушының ата- анасымен, жанұя жағдайымен толық танысу үшін арнайы үйлеріне бару.
2.
Ата- аналарды хатарқылы мектепке шақыру.
3.
Сынып оқушыларымен бірігіп жиналыс ашу; ата- аналар комитетінің есебін тыңдау, бағыт беру.
4.
Ата- аналарға педагогикалық тақырыптардағы әңгіме, баяндамалар оқып, түрлі басылымдардан, әдебиеттерден қажетті ұсыныстар мен пікірлер оқуды тапсыру.
5.
Белсенді ата- аналарды бсашылыққа алу, үлгі- өнеге ету.
Осындай түрлі жұмыстар жүргізуменің әркүнгі төл ісім болып саналады. Үйіне барып байланыс жасаған кезде сол оқушының мінез- құлқын, бейімділігін, сынып ішіндегі оқушылармен қарым-қатынасын, қоғамдық жүктемені орындауын айта келіп, сол жанұяға тән қажетті нәрселерді ескеріп отырамын. Мұндай байланыс сынып жетекшісінің жұмысына жеңілдік келтіреді, тезірек орындалуына себебін тигізеді.
Қазақстан Республикасының егеменді ел болуы жасұрпақтың жан- жақты дамуын, дүние жүзілік алдыңғы қатардағы ақылой ментәжірибені өскелең өмір талабына жеткізуін, халқымыздың көпжылдар бойы тұншығып келген тілін, мәдениетін, тәлім- тәрбиесін жанартуды талап етеді. Бүгінгі таңда білімнің мемлекеттік стандартына сәйкес республика мектептерінде білім беру мен тәрбиенің мазмұнын түбегейлі жанарту қажеттілігі туындауда.Оның басты себебі республика өзінің тәуелсіздігіне иеболған жағдайда экономикалық, экологиялық, этномәдени ерекшеліктерін ескере отырып, жастарды оқыту мен тәрбиелеу ісін қайта құрудың аса қажеттілігі пайда болды.
Сондықтан жалпы білім беретін мекемелерде оқушыны тұлға етіп жан- жақты тәрбиелеу мақсатында ҚР-ның білім беру мекемелерінің 2006-2011 жылдарға арналған тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасы қолға алынды. Бұл заңды Білім және ғылым министірлігі ұсынып, оқушыларға БҰҰ-ның құқығы, ҚР-ның «Білім туралы» заңын, «ҚР-дағы бала құқығы туралы»,
«
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алутуралы» заңдарын үйретіп, кеңінен насихаттау көзделген.Адамдар тұлға болып, өзіндік жеке бас ерекшелігімен бірден дүниеге келмейді. Әрбір жеке тұлғаның қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет. Жеке тұлғаның ерекшелігі- ол оның өзіне тән мінез- құлқындағы, іс- әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен дараланады.
Тәрбиеленуші өзіне керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жастартәрбиесі- басты мақсат.Ұстаз бірелдің болашағы үшін жасайтын киелі мамандық иесі. Оның парасатты жүрістұрысы, сөйлеу мәдениеті, ішкі жан дүниесі, киім киісі- бәрі баланың назарынан тыс қалмайды» деген. Ендеше сол бір жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін де соны тәрбие жинақталып, белгілі біржұмыс жүйесі қалыптасу керек. «Аамға еңбірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білімол адамзаттың қас жауы, ол келешекте адам өміріне апат әкеледі» деген болатын ұлы бабамыз Әбунасыр әл Фараби. Сапалы білім алмайтын, тәрбие қонбайтын адам жоқ. Бірақ соладамды адам етіп тәрбиелеу кімнің қолында деген сұрақтарға жауап берудің өзі ойландырады. Бала тәрбиесінде отбасының рөлі көп жағдайда жаңа әлеуметтік-экономикалық қатынастармен анықталады. Ол ата-аналар мен мектептің және қоғамның арасындағы нарықтық еңбек қатынасы жағдайында қалыптасады. Нарықтық қарым-қатынас ата- аналардың отбасындағы бала тәрбиесіне деген жауапкершілік сезімін біртабан бәсеңдеткені байқалады. Соңғы кездері мектеп пен ата- аналардың байланысы дакүрт төмендеп кетті. Олай дейтінім отбасында берілген тәрбие менмектептегі берілген тәрбиенің арасында байланыс жоқсияқты. Яғни бала, мектеп, ата-ана арасында байланыс жоқдеген сөз.Балабіздің болашағымыз, өзімізді жалғастырар ұрпағымыз. Ендеше бала тәрбиесіне ерекше мәнберіп, ата- ана, мектеп, қоғам ынтымақтастығын ойласқанымыз жөн. «Ата көрген оқжонар, шеше көрген тон пішер» демекші балаға отбасы тәрбиесінің әрәсері мол. Қазіргі жас балғын бала- ертеңгі күні еліміздің саналы азаматы. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Сіздер менбіздер тек болашақ буынды ғана емес жалпы адамзаттық қадір-қасиеттердің мән- маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз»дейді.Ендеше бала тәрбиесіне отбасы, мектеп, оның араласатын ортасы әсерін тигізбек. Жалпы бала тәрбиесі назардан тыстүспейтін ең маңызды да өзекті мәселе.Баланың бойындағы жағымсыз жатәрекеттер байқалғаннан ақата-ана, мектеп тыйым салып, дұрыс жолға бағыттау олардың бойына адамгершілік, кішілік, әдептілік,ізгілік қасиеттерін дарыту керек. Мектеп қабырғасында оқушы 6 сағат сабақ оқып, 2 сағат үйірмеге қатысатын болса, қалған 16 сағаты үйінде, болмаса ат-ананың тәрбиесінде деген сөз.Сол16 сағатта өз баласына ақыл айтып, мағаналы әңгіме, сабағына қарап, оң тәрбие беретін ата-аналарымыз азайып бара жатыр. Бұл сөзімді дәлелдеп өтейін. Мұғалімнің жайы белгілі. Саяси науқан, көше тазалау, тағы тағылары мұғалімнің мойнында. Сол жаңағы айтқан баланы түнде көше аралап үйіне тарату дасол мұғалімнің мойнында.Неге?Өйткені ол балаға мұғалім не сынып жетекшісі жауап беруі керек. Ал солбаланы дүниеге әкеліп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмаймын дейтін ата-аналарымыз қайда? Жүсіпбек Аймауытов 1918 жылы өзінің «Абай» журналына жарияланған «Тәрбие» атты мақаласында былай деген: «Тәрбиеге әсер беретін нәрсе өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара-бара әсерлер адамды замандас, жолдастың азғырып не түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі. Тәрбиеге туған жұрттың тілі, мінезі, тұрмысы да әсер қылмақ. Қысымшылық көрген жасқыншақ болмақ, ашық көңілді, сауықшыл ел- жұрттың баласы дасондай болмақ».
Мектепте оқудан тысуақытта оқушының таңдауына сәйкес келетін, олардың қабілеті мен ішкі қажеттілігін қамтамасыз ететін іс-әректтерді ұйымдастыру көзделеді.Соған сай олардың қабілетін ашуға мүмкіндік тұғызатын спорт, дене еңбегі, қолөнер, көркемөнер т.б. іс-әрекетке үйрету үйірмелері менсекциялар ұйымдастырылуда. Әр оқушы кез- келген үйірмелері мен секцияларға, клубқа өзжүрегінің қалауымен қатысып, өзінің жеке басына тәнкеректі қасиеттерді ұйренуге мүмкіндік алады.
Мектептегі тәрбие жұмысы елдегі барлық қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер, түрлі клубтармен бірлесіп жүргізгенде ғана нәтижелі болатыны белгілі.Өкінішке орай осындай ұйымдар, яғни ақсақалдар кеңесі, ата-аналар комитеті, әйілдер кеңесі т.б. клубтардың жұмысы көзге көрінбей келеді. Егер осы ұйымдардың жұмыстары жанданып отырса, тәрбие жүйесінде елдегі ең жоғары, еңкерек ақылшы ұйым ретінде бағаланары сөзсіз.

 


 

 

 

  

Отбасылық толағай жарысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түркістан облысы,Жетісай ауданы Ә.Жангелдин атындағы №27 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

2019 жылдың 7-наурыз күні Көктем аруы-2019 байқауы болып өтті

 

 

Категория: Ата-аналарға

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.